"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » «Соңғы қоңырау - сағыныш» атты салтанатты жиын өтті.
25
май
2022

«Соңғы қоңырау - сағыныш» атты салтанатты жиын өтті.

2022 жылдың 25 мамыр күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" КММ-де 2021 - 2022 оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау - сағыныш» атты салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынға Семей қаласының әкімі Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы, Қалалық мәслихат депутаты Бахаев Нуржан Амангельдинович, Семей қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Фесенко Наталия Анатольевна, ардагер ұстаздарымыз Болатбеков Қадыр Болатбекұлы, Сыздықбаев Несіпбек Қабижанұлы, 11 - сынып ата - аналар комитеті Сейтмухаметов Талғат Сейтмухаметұлы қатысты.

2021-2022 оқу жылы ерекше тарихқа толы жыл. Атап айтсақ , ҚР-сы Рәміздеріне 30 жыл, ҚР-сы Қарулы күштеріне 30 жыл, «Балалар жылы» және «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» қасиетті қара шаңырақ білім ордамызға 30 жыл.

Алғашқы құттықтау сөз Семей қаласының әкімі - Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы беріліп, ұстаздарымыз Турсумбаева Шынар Ахатовнаны, Мухамедиева Гульжан Мухаметказиевнаны қала әкімінің құрмет грамотасымен, Каштекова Маржан Базарбаевна, Карибаева Кулгайша Дікенқызын қалалық мәслихаттың грамотасымен марапаттады.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отырған 11 – сынып түлектеріне «Соңғы қоңырау соғу рәсімі» берілді.

Сәт сапар саған, жас түлек! 
​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив