"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » Тарихы терең, тағылымы мол білім ордасына 30 жыл толуына орай жасалынған гимназиямыздың жаңа логотипі.
18
март
2022

Тарихы терең, тағылымы мол білім ордасына 30 жыл толуына орай жасалынған гимназиямыздың жаңа логотипі.

Тарихы тәуелсіздікпен қатар басталып, болашаққа бағыт алған білім мекемесі Семей облысы әкімінің 1992 жылғы 16 маусым  күнгі  №412-р өкіміне сәйкес №37 орталау мектебі болып ашылды. 1993 жылдан бастап жаңа үлгідегі ғимаратқа орналастырылды. 1995 жылы 24 тамызда №37 мектеп-гимназиясы мәртебесі берілді. 2010 жылдың маусым айынан мектеп-гимназия «Семей қаласының №37 гимназиясы» мемлекеттік мекеме мәртебесін алды. 2020 жылдың 8 қыркүйек айынан гимназия атауы «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы  №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып  өзгерді.

Білім көшін биік белестерге бастаған гимназия басшылары:
1992-1997 жылдары мектеп-гимназия директоры болып, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Омат Бақкелді Бараққызы қызмет атқарды, 1997-2018 жылдар аралығында Стамбеков Жұмағазы Диярұлы гимназия директоры болып қызмет жасады. Жұмағазы Диярұлы Стамбеков жоғары санатты, физика пәнінің мұғалімі, “Құрмет” орденінің, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері болды. 2019 жылдың  08 сәуірінен бастап гимназия директоры болып «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі иегері Малгаждарова Жанат Зейнелқызы қызмет атқаруда.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив