07
сентябрь
2022
"Ұлт ұстазы" атты танымдық сағаты өтті.
Гимназиямыздың 7 “Б” сыныбында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай "Ұлт ұстазы" атты танымдық сағаты өтті. Алаштың ұлы тұлғасы туралы қызықты мәліметтер айтылып, киносынан үзінді көрсетілді. Оқушылар ақын шығармаларын жатқа оқыды. Тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Сынып жетекші : Сыдықова Ж.Т.




