07
сентябрь
2022
"Ахмет Байтұрсынов - тіл білімінің атасы" атты өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік сайыс болып өтті.
Бүгін, 07.09 күні "Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы" КММ-де Қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі,ақын, зерттеуші ғалым, түріктанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері,қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай 6-сыныптарда "Ахмет Байтұрсынов - тіл білімінің атасы" атты өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік сайыс болып өтті. Нәтижесінде: қазылар алқасының шешімімен 6 -"В"-1-орын ; 6 -"А"-2-орын ; 6 -"Б"-3-орынмен, қалған 6-"Ә" мен 6 -" Г"сыныптары белсене қатысқаны үшін Грамоталарымен марапатталды. Сайысты өткізген : "Абай әлемі " клубының жетекшісі Орынғожина Л.С.





