07
октябрь
2022
Ата-аналар жиналысы. 2 "В" сыныбы
Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Бүгін 2 "В" сыныбында өткен ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі Үмітнұр Құрманғазықызы мектеп пен ата-ананың бірлескен іс-әрекетінің бала тәрбиесінде және білім беруде маңызы зор екендігіне тоқталып, "Оқушылардың бос уақытын қалай тиімді ұйымдастыруға болады?", "Жануарларға қамқорлық жасаудың маңызы қандай" тақырыптарында ата-аналармен топтық жұмыс ұйымдастырды. Ата-аналар постер қорғау барысында жануарларға қамқорлық жасау, біріншіден, баланы мейірімділікке, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелесе, екіншіден, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпалы бар екендігіне көз жеткізді.


