06
ноябрь
2022
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қазақстандық жетекші "Роботек" робототехника мектебімен серіктестікте жаңа жобаны - Ozyq Urpaq іске қосылады.
Жезқазған мен Семей қалаларындағы 500 бала робототехника және бағдарламалау негіздерін үйретеді. Бұл мектеп оқушыларының робототехника жасауға, бағдарламалауға қызығушылығын арттыруға, дарынды балаларды анықтауға, озық білім беруге және оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарлама.
Тұсаукесер барысында ұйымдастырушылар Ozyq Urpaq бағдарламасының бағыттары туралы айтып өтті. "Роботек" мектебінің оқытушысы Сұлтанбек Қазиевтың айтуынша " Жыл сайын 700 оқушыға білім береміз. Осы уақыт ішінде ол еліміздің жетекші мектептерінің біріне айналды, робототехника бойынша түрлі турнирлердің 54 жүлдегері мен қатысушыларын дайындады. Ozyq Urpaq жобасын іске асыра отырып, біз бірнеше міндеттерге қол жеткізуге тырысамыз; оқытушылардың біліктілігін арттыру, балаларға жаңа білім беру, оқушылардың IT-салаға деген қызығушылығын ояту".
Оның айтуынша, "Роботек" мектебінің тәжірибелі қызметкерлері мектеп оқытушыларын оқытады, содан кейін педагогтар 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың сәуіріне дейін оқушыларға факультативтік сабақтар өткізеді. Педагогтер факультативтер өткізе отырып, Нұрсұлтан Назарбаев қорынан жалақы алатын болады. Бұл пилоттық жобаға Жезқазған қаласының №1, №13, №21 ОМ, №8 гимназия, №9 мектеп-интернат оқушылары мен Семей қаласы бойынша №8, №28, №44, №49, Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының оқушылары заманауи білім алады.
Жобаны аяқталған кезде мектептерге robotek.pro платформаға жылдық жазылым тегін берілетін болады.