29
март
2023
ЖАДЫНАМА
Листериоз - қоздырғышы әрқилы жолдармен таралатын зоонозды табиғи-антропургиялық жұқпалы ауру, жүкті әйелдер түсік тастап, нәрестелерде жиі өлім туғызатын, сепсис, баспаға әкеліп соғатын жүйке жүйесінің жіті сепсисі (менингит) түрінде, жұтқыншақтың лимфа түйіндерін (баспа) мейлінше зақымдайтын клиникалық көріністің полиморфизмімен сипатталады.
Листериоз қоздырғышы сыртқы ортада айтарлықтай тұрақты: қалыпты және төмен температуралы топырақта, нәжістерде, дәнде, суда, мұзда көптеген айлар, жылдар бойы тіршілік ету қабілеттілігін сақтайды, тіпті тоңазытқышта +4ºС температурада көбейеді, ас тағамдарында (етте, сүтте) ұзақ уақыт сақталып, көбейеді.
Инфекция қоздырғышының көзі болып жиірек үй және ауылшаруашылық жануарлары - қойлар, ешкілер, ірі қара, шошқалар, жылқылар, қояндар, тауықтар, қаздар, үйректер, түйелер; синантроптық кеміргіштер; сирегірек жүкті әйел болып табылады.
Жұғу жолдарының бірнеше түрі бар:
- алиментарлық түрі - жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен сүт және ет тағамдарын пайдалану, синантроптық кеміргіштермен ластанған көкөністер мен суды пайлану;
- жанасу арқылы - бұл механизм жануарларға қарау, ет комбинатында өнімдерді өңдеу барысында, сүт зауытында, құс фабрикасында жиі кездеседі;
- трансмиссиялық түрі буынаяқтылардың шағуы арқылы іске асады;
- аэрогенді - малшаруашылық жайларды тазалау кезінде, құс фабрикалары мен үй жағдайында қауырсын мен мамықты жинау уақытында, ауа - шаң арқылы іске асады;
- вертикальді жұғу жолы сирек кездескенімен, нәтижесі қиындықтарға әкеліп соғады, өйткені іштегі нәрестеге жұғу - түсік тастау, мезгілінен бұрын босану және тоқтап қалған жүктікілікке (замерший плод) әкеледі.
Клиникалық белгілері ересектерде баспа, тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, жөтел, лимфатүйіндердің ұлғаюы, ал процесстің асқынуы барысында сепсис басталады. Жиі кездесетін клиникалық көрінісі - менингит пен менингоэнцефалит болып табылады.
Листериоз жүкті әйелдерде түсік, мезгілінен бұрын босану, өлі нәрестенің тууы немесе босанғаннан кейін ұзамай нәрестенің сепсистен және менингиттің асқынуынан өліп қалуы.
Алдын алу шаралары - азық-түлік тағамдарын, сумен жабдықтау көздерін кеміргіштерден қорғау. Жұқтыру күдігін тудыратын азық-түлікті қолдануға жол бермеу. Елді мекендерде үй кеміргіштерімен (тышқандар мен егеуқұйрықтар) күресу.
Ет және ет өнімдерін арнайы сауда орындарынан сатып алу, тиісті ветеринарлық - санитарлық сараптамадан өткені жайында құжат талап ету.
Мал күтімімен айналысатын адамдар және шаруа қожалықтардың жұмысшылары жеке бас тазалығын қатаң сақтау қажет. Жүкті әйелдерді уақытша жануарлармен жанасумен байланысты емес жұмысқа ауыстыру керек.
Листериозге күдік тудыратын үй жануарларын оқшаулап, ветеринар маманын шақыртып, тиісті санитарлық - ветеринарлық шараларды жүргізу, оқшауланған жануарлардың тұратын орнын, торларын, науаларын зарарсыздандыру қажет.
Аталған қарапайым алдын алу шаралар әрқашан жадыңызда болсын!
«Сақтансаң, сақтайды» - деп бекер айтылмаған.