09
ноябрь
2020
Шахматшылармен онлайн кездесу
Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия мұғалімдерінің күзгі демалыс күндері аралығындағы жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 ж. 6 қараша күні сағат 12.00-де гимназияның дене шынықтыру мұғалімі, шахмат үйірмесінің жетекшісі Т.К. Абдығалымов, үйірменің оқушыларына, шахматқа қызығушылық танытқан оқушыларға қала, облыс, республикаға танымал шахматшы Оқасов Мұратпен онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесуге гимназия әкімшілігі, дене шыңықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Қоңақтарымыз гимназия үйірмесінің оқушыларының бірнеше жылғы жетістіктерімен танысып, гимназияда ашылған шахмат кабинетін көре алса, оқушылар шахматшылардың сұхбатынан үлкен әсер алып, ойынға қызығушылықтары арта түсті.
ссылка1










