««Start school» сүйікті мектепті жақсартуға қатынас» ата-аналармен бірлескен жұмыс







««Start school» сүйікті мектепті жақсартуға қатынас»
ата-аналармен бірлескен жұмыс
Гимназияның ұйымдастыру жоспарына сәйкес 2019 жылдың 27 қараша күні гимназиямызда ««Start school» сүйікті мектепті жақсартуға қатынас» ата-аналармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру үшін «Табысты адам – табысты елдің кепілі» тақырыбында табыскер-кәсіпкер ата-аналармен кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты – Отанымыздың белсенді, табысты, еліміздің қоғамның дамуына зор үлес қосып жатқан адамдарды болашағымыз - гимназия түлектеріне үлгі ету, өмірде өз орындарын айқындауына себепкер болу. Табысты ата-аналармен кездесу ұйымдастыру жоспарына сәйкес үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде табысты ата-аналармен танысу мақсатында гимназия тренерлері А.С.Солтанаева мен Ғ.М.Ағыбаева және гимназия психологы М.Ж.Амангелді ата-аналармен «Танысу жаттығуы» және «Есімдер» жаттығуы тренинг өткізді.
Екінші бөлімде мектеп түлектері «Менің мектебімнің ертеңі...» тақырыбында жасаған жобаларын қорғап, болашақта өз мектептерінде армандарының орындалатынына сенім білдіріп және кәсіпкерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын ала алды. Кәсіпкерлер гимназияның өлкетану музейіне саяхат жасады.
Үшінші бөлімде кездесудің қорытындысы ретінде «Менің игі ісім – балама үлгі» тақырыбында табысты-кәсіпкерлермен сұхбат жасалынды.