07
апрель
2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар!
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылына 6-7 жасқа толған балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесіне сәйкес бұйрық негізінде іріктеу арқылы өткізеді.
Сәуірдің 3-інен 28-іне дейінгі аралықта ата-аналардың өтініші қабылданады. Өтінішті ата-аналар мектепке келіп арнайы үлгіде, баласының тууы туралы куәлігіне сәйкес толтырады. Өтініш жазғаннан кейін балаңызды қай күні, сағат нешеде әкелетініңіз белгілі болады. Іріктеу мектепте баланың және 1 ата-ананың қатысуымен өтеді. Іріктеу кезінде баланың мектепалды даярлық тобындағы бағдарламаға сәйкес білімі мен мектепке жан-жақты дайындығы ескеріледі: Атап айтқанда,
✓ Қарапайым математикалық ұғымдардың қалыптасуы (санай алуы, геомертиялық фигураларды ажырата білуі, қарапайым есептеулерді білуі т.б.)
✓ Сөйлеуге және жазуға дайындығы (Әріпті тануы, оқуы, сөздік қоры, ертегі айту, мақал-мәтел айту, өз ойын жеткізе білуі, шағын әңгіме құрастыру, т.б.)
✓ Қоршаған орта туралы түсінігі (жыл мезгілдері туралы, уақыт туралы т.б. ұғымдар)
✓ Мінез-құлық дағдылары (ойлау, қиял, есте сақтау қабілеті т.б.)
✓ Өзі туралы білетіні (бала өзі туралы, сүйікті ісі және отбасы туралы әңгімелеуі т.б).
Іріктеу қорытындысы өтініш білдірушілер толық тапсырып болғаннан кейін жарияланады. Іріктеуден өткен балалардың ата-аналарына мектепке қажетті құжаттар тізімі беріледі.
Гимназия әкімшілігі