21
май
2022
2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша 03-19 мамыр аралығында конкурстық негізде іріктеу жүргізілді. Онда балалардың мектепалды даярлық тобындағы бағдарламаға сәйкес білімдері мен мектепке жан-жақты дайындығы ескерілді Берілген өтініш бойынша 1-сыныпқа келетін балаларды комиссия мүшелері график бойынша қабылдап, қорытындысын шығарып, ата-аналарға жариялады. Барлығы конкурсқа 170 бала қатысып, жоғары ұпай алған 120 бала 1 сыныпқа қабылданды.








