"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » Директор жанындағы кеңес отырысы өтті.
14
апрель
2023

Директор жанындағы кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде:

  1. Гимназия лаборанттарының жылдық есебі
  2. Әлеуметтік психологиялық қызметтің жұмыс жағдайы
  3. «Алтын белгі» белгісіне, үздік аттестатқа үміткерлердің дайындығы.

       Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша гимназия лаборанттары бір жылдық істеген жұмыстары туралы есеп берді.

      2-ші мәселе бойынша әлеуметтік педагог М.Ж.Сайлауғазина Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысының негізінде әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмектер туралы атап өтті. «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» атты гимназияішілік акция жұмыстарына тоқталып, оқушыларға киімдей және оқу құралдарымен көмектер көрсетілгенін айтты. Әлеуметтік аз қамтылған оқушылардың гимназияішілік үйірмелерге қамтылуына тоқталды.

      3-ші мәселе бойынша гимназия директорының бағдарлы оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Г.М.Жұмақсанова «Алтын белгі» белгісіне 5 үміткер, үздік аттестатқа 11 оқушы үміткер екендігін атады. Қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тест тапсыруға оқу жылының басында  Алтын белгі мен Үздік аттестатқа ұсынылғандардың білім сапасын жақсарту мақсатында   жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Пән мұғалімдерімен, оқушылармен, гимназия психологының сынып жетекшілермен және оқушылардың жеке қасиеттерін, қабілеттерін анықтау және мамандыққа байланысты зерттеу   жұмыстары және  ата-анамен  жұмыстар жоспарланғандығы туралы атап өтті. Қорытындылай келе төмендегідей  қаулы қабылданды.

  1. Гимназия лаборанттарының бір жылдық есебі қанағаттанарлық деп есептеліп, жұмыстарын әрі қарай жандандыру дәлелдемелерін әкелу лаборанттарға тапсырылып, қадағалау кабинет меңгерушілеріне жүктелсін.
  2. 1-11 сыныптар бойынша оқушылардың толықтай әлеуметтік  жағдайы зерттеліп тұрмысы төмен отбасыларға көмек   алуға қажетті құжаттар тізімі уақытында тапсырылсын.
  3. Сыныптардағы әлеуметтену жұмыстарын  одан әрі  жандандыру әлеуметтік педагог   М.Ж. Сайлауғазинаға  тапсырылсын
  4. «Алтын белгі» мен  «Үздік аттестатқа» үміткерлердің  дайындығындағы олқылықтарымен пән мұғалімдері қосымша жұмыстарды жалғастырып, қорытынды аттестаттау жұмыстары күшейтілсін.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив