29
август
2023
2023 жылдың 28 тамызында Семей қалалық білім бөлімінің "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" атты кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа Абай облыстық білім бөлімінің басшысы Нұржан Нығметоллаұлы Ахметқалиев, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, басшының орынбасарлары, еңбек саласының ардагер ұстаздары қатысты. Гимназиямыздың бір жылда бағындырған белестерінің нәтижелері "Педагогикалық шеберхана, "Дарынды шәкірт-білікті ұстаздан" атты көрмеде көрік берді. Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Біржан Заманбекұлы жыл бойғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, қаламыздың абыройын асқақтатқан мектептердің жетістіктері аталды. Марапаттау рәсімінде бастауыш сынып мұғалімі А.Е. Қабақаева Абай облысының білім басқармасының "Құрмет" грамотасымен марапатталды. Айман Есболатқызын марапатымен құттықтап, толағай табыс тілейміз! 





