19
январь
2024
19-қаңтар күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ-де Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен түсірілген «Бала Ахмет» анимациялық фильмнің таныстырылымы өтті.
Оған гимназиямыздың ұстаздар қауымы, 4 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Нұрғабиева Г.Қ. қатысты. Фильм Ахмет Ясауидің 930 жыл толуына орай түсірілді. Кездесуге аталған анимациялық фильмнің сценарий авторы Бақытжан Құлжабай қатысты. Фильм ғұлама Ахмет Ясауидің балалық шағын бейнелейді. Яғни, кейіпкерлер мен анимациялық сюжет арқылы балаларды адал болуға, үлкенді сыйлауға, ұстазды құрмет тұтуға тәрбиелейді. Көрсетілімнен соң анимациялық фильмге қатысты балалар мен ұстаздардың пікірі тыңдалды. Айтылған пікірлер негізінде фильмнің кейбір тұстары толықтырылуы мүмкін. Жалпы, кездесу кезінде «Бала Ахмет» анимациялық филіміне оқушылар мен ұстаздардың оң бағасы берілді.
ссылка1