06
март
2024
“Электронды қазақ тілі: тиімділік, жаңашылдық, жаңа мүмкіндік” атты қалалық семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Агыбаева Галия Мубараковна 5 «В» сыныбында қазақ тілінен «Салыстырмалы шырай.
Уәдеге адалдық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықта берілген тыңдалым, оқылым, жазылым тапсырмаларын жұппен, топпен орындады. Грамматикалық жаттығуларды орындау барысында ноутбук экранында әр тапсырманың қорытындысы бірден көрсетіліп, жұптардың өзін-өзі бағалауы тиімді жүзеге асырылды. «Көзге арналған жаттығулар» сергіту сәті де ұтымды қолданылды. Оқушылар электронды оқулықтағы тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа белсене қатысып отырды. Сабаққа қатысқан әріптестер электронды оқулықтағы тапсырмалар жайлы өздерінің оң пікірлерін білдіріп, сабақтың сәтті өткені туралы кері байланыстарын ұсынды.




