"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » 2024 жылдың 5 наурызы күні Семей қаласының «Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлесуімен
06
март
2024

2024 жылдың 5 наурызы күні Семей қаласының «Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлесуімен

«Электронды қазақ тілі: тиімділік, жаңашылдық, жаңа мүмкіндік» атты қалалық семинар болып өтті. Семинардың алға қойған мақсаты: “Қазақ тілі: 5-сынып электронды оқулығын қолдану тиімділігі мен артықшылығын», көрсете отырып “Оқу үдерісінде электронды оқулықты қолданудағы тиімділігін ашу” мақсаттарына жету болды. Семинар барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Б.З Булабаевтың “Цифрлық білім беру – заманауи оқытудың кілті” тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Одан әрі «Алматыкітап баспасы» PR-бөлімінің аға маманы Г.Н.Қабдолашева электронды оқулық құрастыру туралы презентациясымен таныстырды.
Барлық өткізілген ашық сабақтар қазіргі жаңа инновациялық технологиялар кезеңінде цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі зор екенін көрсетті. Цифрлық білім беру ресурстары арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастыратынын айқындап берді. Сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аударуға, ақпараттарды көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Семинарда көрсетілген коучингтердің тәрбиелік мәні зор болды. Семинар соңында ұстаздар арасында кері байланыс жүргізіліп, оқулық авторларына зор алғыс айтылды. Өткізілген сабақтар әдістемелік жағынан дұрыс құрылып, жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды. Демек, электронды оқулық білім сапасын арттырады, оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізеді, оқытудың жаңа түрлерін топтастырады, яғни оның оқу үрдісіндегі орны ерекше екені сөзсіз,
«Жақсы сөз бен жақсы ой – жақсы істерге жетелейді», - деп Ы.Алтынсарин айтқандай әр айтылған жаңа ойлар мен жаңа идеялар жас ұрпақтың келешегінің табысты болуына әсер етеді. Сондықтан да барша мұғалімдердің ортақ міндеті – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
ссылка1​​​ 
ссылка2
ссылка3​​​




Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив