25
март
2024
ЖАДЫНАМА
Вирустық гепатит – әртүрлі вирустардан туындайтын жұқпалы аурулардың үлкен тобы, бауырдың зақымдануымен сипатталады, бірақ бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Вирустық гепатитті жұқтырудан бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады. Ең алдымен, А және В гепатитіне қарсы егілу қажет. В гепатитіне қарсы моноекпе перзентханада және біріктірілген екпе түрінде сәбидің 2, 4 айлығында барлығы 3 рет салынса, А түріне қарсы вакцина 2 жастағы балаға 2 рет жүргізіледі.
Дәрігерлер гепатиттің алдын алып, асқынуларға жол бермей, жеке бас гигиенасын, санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды орындап, медициналық тексерулерден уақытылы өтіп тұруға кеңес береді.