01
май
2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді мамыражай мамырдың алғашқы мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Береке-бірлік, достық пен бауырмалдық, сыйластық пен татулық – тұрақтылықтың темірқазығы. Сан ұлтқа сая болған халқымыз осы құндылықтарды берік ұстанып, өзгеге үлгі еткен. Ел басына күн туған, қиын-қыстау сәтте әрдайым көмек қолын созып, береке-бірлігін көрсеткен.
Ерте көктеммен ере келген алапат тасқын кезінде де азаматтарымыз ынтымағынан айнымады. «Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Қарғын сумен арпалысқан мыңдаған еріктілер қатарында біздің педагогтер мен студенттер де болды. Олар зардап шеккендерге жан аямай жәрдемдесті.
Бүгінгі мерекеге орай, сол әріптестеріме шынайы алғысымды білдіре отырып, баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ырыс-несібесі арта берсін!
@oqu_agartu_ministrligi