27
май
2025
⚡ Маусым айының 1-нен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.

Іріктеуге 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
📑 Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпестен мемлекеттік қызметтегі түрлі жоғары басшылық лауазымдарға тікелей тағайындалуға мүмкіндік алады.
📝 Үміткер азамат ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы тіркеуден өтуі қажет. Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.
📊 Тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;- Сыртқы саясат және инвестициялар;- Экономикалық және қаржылық саясат;- Цифрландыру;- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
☎️ Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz/ сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ, info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.
🇰🇿 Жалынды жастарды елге қызмет етудің озық үлгісін көрсету үшін «Президенттік жастар кадр резерві» жобасына белсене қатысуға шақырамыз. Еліміздің дамуына өз үлесінді қос!
🖋️ Аталған жұмыс бағыты ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» №141 Жарлығы аясында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының тапсырмасымен жүзеге асырылуда.
#ПрезиденттікЖастарКадрРезерві#ПрезиденттікЖастарКадрРезерві2025
#elgeqyzmet@elgeqyzmet.gov.kz@elgeqyzmet.abai@abai_oblysynyn_akimdigi@pkrezerv.gov.kz