26
сентябрь
2025
Ақпарат
Бүгін, 25.02.2025 ж. “Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы”КММ-нің, “Абай әлемі” клубының мүшелері, 6-“А”сынып оқушылары ,Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен болған “Kitap time-2025” жалпы республикалық кітап фестиваліне қатысып қайтты. Нәтижесінде: Қайырхан Сұлтан Абай өлеңін мәнерлеп оқудан “Алғыс хат” бағалы сыйлықпен марапатталса, ұлттық ойын арқан тартудан Сәуметов Диас, Амангелді Ертөре, Қайырхан Сұлтан қала мектептерінен үздік көрінсе, асық атудан Жағалбаева Амина, Мұратова Данара , Меңғали Медина өз шеберліктерін көрсетіп, сыйлықтармен марапатталды. “Абай әлемі” клубының жетекшісі Орынғожина Л.С.





