22
октябрь
2025
21.10.25 күні гимназиямыздың сынып активтері мектеп Парламентінің Президенттігіне үміткерлердің бағдарламаларымен танысты.
Әр үміткер өз көзқарасын, бастамаларын және болашақ жұмыс жоспарын ұсынды. Бұл – ашықтық пен демократиялық үдерістің маңызды кезеңі.
Алдағы уақытта шешуші таңдау жасалатын сәт жақын. Саяси белсенділік танытып, үміткерлердің ұсыныстарымен таныс болдық. Үміткерлерімізге сәттілік тілейміз.













