04
ноябрь
2025
2025 жылдың 3 қарашасы күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясында 4 “Г” сыныбында “Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар ұлы ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат алды. Балалар ғалымның туған жері, балалық шағы, білім алуы мен зерттеу сапарлары туралы қызықты деректермен бөлісті.
Оқушылар Шоқанның ғылым мен өнерге, елінің мәдени дамуына қосқан үлесін талқылап, оның еңбектері арқылы білім мен ізденістің маңызын түсінді.
Сабақта бейнематериал көрсетіліп, сұрақ-жауап, пікірталас түрінде белсенді жұмыс жүргізілді.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы жас ұрпақ өз елінің тарихын, ұлы тұлғаларын танып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады.
Шоқанның өмір жолы — жас ұрпаққа үлгі, ал оның ғылымға деген адалдығы — мәңгілік мұра!
Сынып жетекшісі: Кныбаева М.К.
Машыққер: Тельманова М.М.
ссылка1