13
ноябрь
2025
“Абай облысы білім басқармасы” ММ Семей қаласының білім бөлімінің “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясы” КММ-не жаңа директор тағайындалды.
Бұл лауазымға Карамендин Олжас Сабитович тағайындалды. Олжас Сабитович 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдап, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында «Семей қаласының мәслихаты» мемлекеттік мекемесінде бастаған. Кейін бағдарламашы қызметін атқарған. 2014 жылдан бастап Семей қаласындағы №20 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кейін тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып еңбек еткен. 2023 жылдың қараша айынан бастап аталған мектептің директоры қызметін атқарған.
Жаңа қызметінде табыс, шығармашылық жетістік және сәттілік тілейміз!