"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » СЕМЕЙДЕГІ ГИМНАЗИЯ ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «ҰЙҚАС ТАБУ» САЙЫСЫ ӨТТІ
27
ноябрь
2025

СЕМЕЙДЕГІ ГИМНАЗИЯ ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «ҰЙҚАС ТАБУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Қараша айының соңғы аптасында Семей қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияда» шығармашылыққа құштар дарынды оқушылар бас қосқан тағылымды шара өтті. «Ақ қауырсын» үйірмесінің жетекшісі, жас ақындарға бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаз Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы білім ордасының «Буккроссинг» залында «Ұйқас табу» атты поэзиялық сайыс ұйымдастырды.

Жас талапкерлердің ой ұшқырлығын, тіл байлығын, поэтикалық жан-сезімін дамыту – сайыстың негізгі мақсаты. Сонымен қатар, өлең өнеріне қызығушылық танытып жүрген
үлкен, орта, кіші буынды құрайтын жас шәкірттерге жігер беріп, олардың шығармашылыққа деген ынтасын арттыру көзделді.

Шара барысында, 2 топ өзара бақ сынап, берілген ұйқастарға жылдам әрі жүйелі өлең жолдарын құрастыру арқылы сыннан өтті. Жүргізуші Ерік Қайратбекұлы қатысушыларға 3 түрлі ұйқас нұсқасын ұсынып, шапшаңдық пен шығармашылық қабілетке зер сала отырып, басымдық берді.

Үздік шыққан оқушыларға ынталандыру мақсатында арнайы кітап сыйлықтары табысталды.

Сайыс нәтижесі бойынша:

1-топтың жеңімпазы – 3-сынып оқушысы Жасарбек Расул.

2-топтың жеңімпазы – 5-сынып оқушысы Ахметқали Райана.

Екі жас та өз топтары арасынан озып шығып, ұйқас құраудағы зеректігімен, тапқырлығымен көзге түсті.

Жас ақындарға қанат бітірген бұл шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасады деп күтілуде. 






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив