02
декабрь
2025
01.12.2025 ж “Бастауыш білім бастауы” тақырыбы аясында
I ауысым арасында
бастауыш сынып апталығының онкүндік ашылу салтанаты өтті.
Гимназия директоры Олжас Сабитович құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара бастауыш сыныптар үшін қызыққа, қуанышқа толы күн болып өтті.
Іс-шара барысында оқушылар:
• түрлі қуаныш сыйлаған ойындарға қатысты;
• өздерінің өнерлерін, биін, әнін, қолөнерін көрсетті;
• топтық және жеке танымдық тапсырмаларды орындады;
• шығармашылық қабілеттерін дамытып, белсенділік танытты.
Кішкентай бүлдіршіндердің жарқын күлкісі мен талпынысы – біздің ең үлкен қуанышымыз.
Алдағы күндерде де шығармашылыққа, танымға, ойын мен үйренуге толы керемет шаралар жалғасын табады.