03
июнь
2025
2-маусымда Халықаралық Балаларды Қорғау күніне орай "Балауса" жазғы гимназияішілік лагерінің ашылу салтанаты өтті. Бұл күн ерекше, қуанышқа толы күн болды.
Ол тек лагерьдің ресми ашылуы ғана емес, сонымен қатар балалық шақтың бақытын және әрбір баланың бақытты өмір сүруге деген құқығын тойлау күні болды.
Гимназия директоры барлық балаларды жазғы демалыстың басталуымен және Халықаралық Балаларды Қорғау күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, жарқын демалыс тіледі. Осыдан кейін балалардың ерекше назарын аударған театрландырылған қойылым көрсетілді. Қойылымның басты кейіпкерлері – мейірімді, күншуақты Жаз және Эльза ханшайым болды.
Шара барысында гимназияның өнерпаз оқушылары әсем әндер шырқап, заманауи билерді орындады. Әрбір қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің атмосферасын одан әрі күшейтті.
Бұл күн "Балауса" жазғы лагерінің қызықты да, жарқын демалысының бастамасы болды.
ссылка 1Гимназия директоры барлық балаларды жазғы демалыстың басталуымен және Халықаралық Балаларды Қорғау күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, жарқын демалыс тіледі. Осыдан кейін балалардың ерекше назарын аударған театрландырылған қойылым көрсетілді. Қойылымның басты кейіпкерлері – мейірімді, күншуақты Жаз және Эльза ханшайым болды.

ссылка 2