10
июнь
2025
Бүгін "Балауса" гимназияішілік жазғы лагерінің тәрбиеленушілері үшін мәдениет пен тарихқа толы ерекше күн болды.
Қазақ халқының рухани көсемі, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылар Абай атындағы әдеби-мемориалдық музейге танымдық экскурсия жасады.
Музейдегі экскурсия Абайдың балалық шағынан бастап, оның өмірінің соңына дейінгі кезеңдерін қамтыды. Балалар музей экспонаттары арқылы Абайдың туып-өскен ортасымен, оның отбасымен, достарымен және замандастарымен танысты.
Экскурсия барысында балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, жаңа білім алуға деген ықыластарын танытты. Музейдегі атмосфера балаларға терең ой салып, рухани азық берді.
Абай Құнанбайұлының музейіне жасалған экскурсия "Балауса" мектеп жанындағы лагерінің тәрбиеленушілері үшін өте пайдалы әрі мазмұнды болды. Бұл іс-шара балалардың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, отансүйгіштік сезімдерін оятты.
ссылка 1Музейдегі экскурсия Абайдың балалық шағынан бастап, оның өмірінің соңына дейінгі кезеңдерін қамтыды. Балалар музей экспонаттары арқылы Абайдың туып-өскен ортасымен, оның отбасымен, достарымен және замандастарымен танысты.