04
декабрь
2025
Гимназиямызда “Мектеп Парламент Президенті” мен «Жас Ұлан» ұйымы ұланбасын ресми түрде ұлықтау рәсімі өтті.
Шара барысында жаңадан сайланған мүшелерге өз міндеттері мен өкілеттіктерін растайтын арнайы куәліктер салтанатты түрде табысталды. 2023-2025 оқу жылындағы «Парламент ұйымы» мүшелеріне алғыс хат табысталды. Гимназия директоры Олжас Сабитович құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Парламент өкілдері ұйымның құндылықтары мен мақсаттарын адал сақтауға ант беріп, мектеп өміріне белсенді үлес қосуға дайын екендіктерін көрсетті. Бұл рәсім – оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа құрамға жемісті жұмыс, тың бастамалар мен биік жетістіктер тілейміз!
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
ЖАСҰЛАН ҰЙЫМЫ
ссылка1