05
декабрь
2025
Ақпарат
2023-2025 оқу жылының Парламент ұйымы және биылғы оқу жылында құрылған Парламент ұйымының мүшелері мектеп директорымен арнайы кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – ұйымның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын талқылау, оқушылардың пікірін тыңдап, мектеп өмірін жақсартуға байланысты ұсыныстарды ортаға салу болды.
Кездесу барысында былтырғы құрам өз тәжірибелерімен бөлісіп, жүзеге асырылған жобалар мен кездескен қиындықтар туралы айтты. Олар оқушылардың белсенділігін арттыру, мектепішілік тәртіпті сақтау және түрлі мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бағытында жасалған жұмыстарды таныстырды.
Биылғы жаңа құрам өздерінің жоспарларын таныстырып, мектептің дамуына үлес қосу үшін жаңа бастамалар ұсынды. Директор Олжас Сабитұлы оқушылардың белсенділігін жоғары бағалап, Парламент ұйымының мектеп өміріндегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ұйым мүшелеріне бірнеше кеңес беріп, олардың идеяларын қолдауға дайын екенін білдірді.
Кездесу жылы әрі ашық форматта өтті. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, мектеп әкімшілігімен тікелей пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Шара соңында тараптар бірлесе жұмыс істеуге және алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға уағдаласты.




