06
декабрь
2025
Гимназия қабырғасында 7-сынып оқушыларына әлеуметтік педагог пен мектеп психологы бірлесіп іс-шара өткізді.
Мақсаты – оқушыларды буллингтің салдары туралы ойландыру, ата-ана мен бала арасындағы түсіністік пен қолдаудың маңызын көрсету.
Комикс суреттері арқылы балалар кейіпкерлердің сөзін өздері жазып, өз ойларын білдірді.
Бұл әдіс оқушыларды белсенді ойлануға, пікірін ашық айтуға және қарым-қатынаста жауапкершілікті сезінуге жетеледі.