"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » 02.05.2025 күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі аясында “Шәкәрім университеті” КеАҚ ФЖМ БББ-ның КЯЛ-101 тобының 4-курс студенттері мен олардың пән жетекшілерінің қатысуымен өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесінің аяқталуына орай
07
май
2025

02.05.2025 күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі аясында “Шәкәрім университеті” КеАҚ ФЖМ БББ-ның КЯЛ-101 тобының 4-курс студенттері мен олардың пән жетекшілерінің қатысуымен өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесінің аяқталуына орай

қорытынды (есеп) сағаты өтті. Әр студент өзінің өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе барысында атқарған жұмысын презентация арқылы таныстырды. Тәжірибеден өту барысында дағдыларының шыңдалғанын жеткізді. Гимназия ұжымына, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігіне, өз жетекшілеріне алғыстарын білдірді Пән жетекшілері қорытынды сөз сөйлеп, өз машықкерлерінің бағасын хабарлады. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Шыныбекова Назгуль Амиртаевна қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің атынан машықкерлерді “Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары” онкүндігінде белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады. Қорытынды сағат барысында Болатова Балғын өзінің гимназияға алғыс ретінде арнап жазған өлеңін оқыды:
“Келіп едік қаңтардың суық күнінде,
Тәмам болды тәжірибеміз бүгінде.
«37 гимназия», сіздерге шексіз алғыс,
Бізге сыйлаған осындай мүмкіндікке.

Оқуымызды аяқтаймыз қанат қағып,
Кетіп барамыз сіздермен де сау болдасып.
Жоғары оқудағы соңғы тәжірибе,
Қалады естелік боп жылы, жарық.

Көктемнің жылы күніндей лебізіміз,
Ақталсын, жемісті болсын еңбегіңіз.
Сіздерге тілейміз тек жақсылық,
Бұл біздің сыпайы пейіліміз.

Уақыт зырғып, келіп жетті мамыр айы,
Іс-тәжірибеміз өтіп кетті лезде.
Сіз бен біз мұңлы күйде қоштаспайық,
Шуақты күндерде, бұйырса, жүздескенше!”

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив