04
май
2024
03.05.2024 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КЕАҚ «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығының 4 курс студенттерінің қорытынды конференциясы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ-де өтті.
Конференцияға Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназияның оқытушылары, сонымен қатар университеттің практика жетекшісі, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Григорьева Г.Б. қатысты.
Конференция барысында 2024 жылдың 15 қаңтары мен 28 сәуірі аралығында өткен педагогикалық тәжірибенің қорытындысы шығарылды. Студенттер атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретіндегі тәжірибелерімен бөлісті. N37 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әрбір мұғалімі оқушылардың тәжірибе барысында атқарған жұмыстарын айтып, өз бағаларын берді.
ссылка1