"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Конкурс. Гимназия директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы 1,0 жүктеме.
29
август
2023

Конкурс. Гимназия директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы 1,0 жүктеме.

Абай облысы білім басқармасының  «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме гимназия директорының  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  лауазымдық  қызметіне    конкурс  жариялайды.

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімнің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі гимназия директорының  тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарылауазымы 1,0 жүктеме.

          Орналасқан жері: индекс 071400  Семей қаласы, Шәкәрім  даңғылы, 70,   Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70

Электрондық пошталық мекен-жайsemey_37@mail.ru;

.

Лауазымдық міндеттері:  

          тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

       аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; 

       тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; 

      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

       ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;; 

      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

       туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; 

      білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

       білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 


Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім  Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы  білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы  №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама   жарияланған  күннен  бастап  15  күнтізбелік   күнде жүзеге асырылады.

   Біліктілікке қойылатын талаптар: 

  Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

  

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 29 тамызынан бастап 12  қыркүйекті қоса алғанда.

Құжаттарды қарау мерзімі 2023  жылғы  13  қыркүйегінен  бастап  2023 жылдың   19   қыркүйегін  қоса алғанда.   


           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

           2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

         3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

        4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы    құжаттардың көшірмелерін;

           5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

         6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.


         Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол  адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

       Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив