"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Гимназия директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурс
08
ноябрь
2022

Гимназия директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурс

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме гимназия директорының  оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары  лауазымдық  қызметіне    конкурс  жариялайды.

Конкурс жарияланған лауазымның атауы:Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі гимназия директорының  оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарлауазымы 1,0 жүктеме.

Орналасқан жері: индекс 071400  Семей қаласы, Шәкәрім  даңғылы, 70,   Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70

Электрондық пошталық мекен-жайsemey_37@mail.ru;

Лауазымдық міндеттері:   

  1. Гимназия Жарғысына сәйкес 1-11 сыныптарда оқытудың тиімді технологиясын меңгеруде мұғалімдерге басшылық жасау және әдістемелік көмек көрсету
  2. Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік, кафедра меңгерушілерінің жұмыстарына басшылық жасау және әдістемелік көмек  көрсету
  3. Мұғалімдер арасында семинарлар, конференциялар, кәсіби байқаулар ұйымдастыру,  мұғалімдердің өз білімін көтеру жұмыстары, мұғалімдердің аттестация жұмысын жүргізу,

 мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын бақылау, басшылық жасау;

  1. Гимназия бойынша дарынды оқушыларды анықтап, қабілеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау;
  2. Сабақтан тыс шаралардың жүргізілуіне (пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, пән апталықтары, ашық сабақтар) басшылық жасау, қадағалау және әдістемелік көмек көрсету
  3. Пән мұғалімдері арасында рейтингілік мониторинг жүргізу;
  4. 5-11 сыныптардың оқу кабинеттерінің әдістемелік талапқа сай болуын бақылау, басшылық жасау;
  5. Оқу жоспарының инвариантты және вариативті оқу жүктемелеріндегі 5-11 сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі пәні бойынша орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуына бақылау, басшылық жасаужәне пән бойынша оқу кабинетінің талапқа сай болуын қадағалау;
  6. Тіл Заңының орындалуын бақылау;
  7. Гимназия бойынша Кембридж бағдарламасы негізінде деңгейлік курстан сертификатталған мұғалімдермен жұмыс жүргізу және Назарбаев зияткерлік мектебімен мұғалімдердің білімін көтеру мақсатында бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру, жетекші мектеп жұмысына басшылық жасау;
  8. Сабақты зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби дамуын басшылықта ұстау;
  9. Іс-тәжірибеден өтетін машықкерлер жұмысын ұйымдастыру, бақылау жасау.
  10. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз ету, ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастыру, талдау, эксперименттік жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.
  11. Онлайн-мектеп платформасымен жұмысты басшылықта ұстау;
  12. Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, мұғалімдерге бейнесабақтарды әзірлеуде әдістемелік көмек ұйымдастыру.


Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі- конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы  Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің  «Ыбырай Алтынсарин атындағы  №37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама   жарияланған  күнненбастап күнтізбелік15күннің жұмыс күнінде жүзеге асырылады

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 08 қарашасынан бастап 22 қарашаны қоса алғанда.

Құжаттарды қарау мерзімі 2022 жылғы 23 қарашадан  бастап 2022 жылғы 29 қарашаны  қоса алғанда.  


Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

     2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

         3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

        4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

           5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

     6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.


         Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол  адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив