Вакансия. Директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы 1,0 жүктеме.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы 1,0 жүктеме.
Орналасқан жері: индекс 071400 Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 70, Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70
Электрондық пошталық мекенжайы:semey_37@mail.ru;
Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады.
Ақы төлеу : - 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 150000-200000 теңге
Лауазымдық міндеттері:
ұйым бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау тәртібі мен нормаларына сәйкес тиісті жай-күйін, сонымен қатар жабдықтардың (лифтілердің, жарықтандырудың, жылыту, желдету жүйелерінің және өзгелер) жарамдылығына бақылауды қамтамасыз етеді;
негізгі қорларды (ғимараттардың, сумен жабдықтау, ауа құбырларының және өзге де) ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге, шаруашылық шығыстар сметаларын жасауға қатысады;
үй-жайларды жөндеуді ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылайды;
жиһазбен, шаруашылық инвентарьмен, инженерлік пен басқарушылық еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді, олардың сақталуын және уақытымен жөнделуін қадағалайды;
қызмет көрсетуге, кеңсе құралдарын, қажетті шаруашылық материалдарды, жабдық пен инвентарьды алуға және сақтауға шарттар жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді, олармен құрылымдық бөлімшелердің жабдықталуын, сонымен қатар оларды жұмсау және білгіленген есептіліктің жасалуын ұйымдастырады;
шаруашылық мақсаттарға берілетін материалдар мен құралдардың ұтымды жұмсалуын бақылайды;
ғимараттың сыртын және өтпелі жерлерді мерекелік бейнелі әсемдеу, аумақты жинау мен абаттандыру жұмыстарын басқарады;
өткізілетін жиналыстарға, конференцияларға, семинарлар мен өзге де іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
жұмыс күнінің тәртібін және демалыс кестесін құру, түскі үзілістерде жұмыскерлердің түскі үзіліс уақытында ұтымды тамақтануы, табельдік есепке алуды ұйымдастыру жұмыстарын орындайды;
өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өртке қажетті инвентарьды жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдастыру техникасын енгізу бойынша шаралар қабылдайды;
жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.
ұйымды немесе оның құрылымдық бөлімшелерін жабдықтау және оларға шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысты басқаруды жүзеге асырады;
шаруашылық инвентарьдың сақталуын, қалпына келуі мен толықтырылуын, сондай-ақ үй-жайларда және іргелес аумақта тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
үй-жайлардың жай-күйін қадағалайды және оларды уақтылы жөндеу бойынша шаралар қабылдайды;
жұмыскерлерді кеңсе құралдарымен және шаруашылыққа қажетті заттармен қамтамасыз етеді;
қызмет көрсетуші персоналдың жұмысына басшылық жасайды;
жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі тәртібін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдары;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және шаруашылық қызмет көрсету бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім және шаруашылық қызмет көрсету бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2024 жылғы 13 ақпаннан бастап 27 ақпанды қоса алғанда.
Құжаттарды қарау мерзімі 2024 жылғы 28 ақпаннан бастап 2024 жылғы 5 наурызды қоса алғанда.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры
Ж.З.Малгаждароваға
_________________________________________
(өтініш берушінің толық тегі,аты, әкесінің аты )
ӨТ І Н І Ш
Мені «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қосымша төмендегі құжаттарды тіркеймін:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мекен –жайы және байланыс телефоны _____________________________
________________________________________________________________
________ __________________________ «___»_________2024ж.
қолы (ТАӘ)