"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » Вакансия. Директордың әдістемелік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы 1,0 жүктеме.
26
август
2024

Вакансия. Директордың әдістемелік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы 1,0 жүктеме.

           Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1,0 жүктеме  директордың әдістемелік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары бос лауазымдық  қызметіне    конкурс  жариялайды.

          Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің  «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың әдістемелік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымы 1,0 жүктеме.

           Орналасқан жері:  индекс 071400  Семей қаласы, Шәкәрім  даңғылы, 70,   Байланыс номері: 8-722-2-52-39-70

Электрондық пошталық мекенжайы:semey_37@mail.ru;

          Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі - конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы білім бөлімінің  «Ыбырай Алтынсарин атындағы  № 37 гимназиясы» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама   жариялаған  күннен бастап  15 күнтізбелік  күнде жүзеге асырылады.


         Ақы төлеу : - 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жоғары білім: 150000-200000 теңге

         Лауазымдық міндеттері:  

  1. Гимназия Жарғысына сәйкес 1-11 сыныптарда оқытудың тиімді технологиясын меңгеруде мұғалімдерге басшылық жасау және әдістемелік көмек көрсету
  2. Мұғалімдер арасында семинаралар, конференциялар, кәсіби байқаулар ұйымдастыру,  мұғалімдердің өз білімін көтеру жұмыстары,  мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын бақылау, басшылық жасауды гимназия менеджері Г.К.Ынтықбековамен бірлесе жүргізу
  3. Гимназия бойынша дарынды оқушыларды анықтап, қабілеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық жасау
  4. Сабақтан тыс шаралардың жүргізілуіне (пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, пән апталықтары, ашық сабақтар) басшылық жасау, қадағалау және әдістемелік көмек көрсету
  5. Пән мұғалімдері арасында рейтингілік мониторинг жүргізу
  6. Оқу жоспарының инвариантты және вариативті оқу жүктемелеріндегі 5-11 сыныптардағы информатика, физика, дене шыныктыру, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуына бақылау, басшылық жасаужәне пән бойынша оқу кабинетінің талапқа сай болуын қадағалау
  7. Іс-тәжірибеден өтетін машықкерлер жұмысын ұйымдастыру, бақылау жасау.
  8. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз ету, ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастыру, талдау, эксперименттік жұмыстардың нәтижесін қорытындылау.
  9. Онлайн-мектеп платформасымен жұмысты гимназия директорының шетел тілдерін оқыту жөніндегі орынбасары Р.О.Кармысовамен бірлесе жүргізу,басшылықта ұстау
  10. Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, мұғалімдерге бейнесабақтарды әзірлеуде әдістемелік көмек ұйымдастыру.
  11. Алғашқы әскери дайындық кафедрасымен қажетті жұмыстарды ұйымдастыру. Еңбекті қорғау және  техникалық қауіпсіздік жұмыстарына басшылық жасау.

Азаматтық қорғаныс құжаттарының жүргізілуі.

  • Әрбір аптаның бейсенбі күндері гимназия бойынша кезекші әкімшілікке байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық, бақылау жасау

Білуі тиіс:

ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы",  заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Педагогика мен психология негіздерін, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін. Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын. Санитарлық ережелер мен нормаларды. ҚР Еңбек кодексін.Сондай-ақ, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сонымен қатар №37 гимназия жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі тиіс.

            Біліктілікке қойылатын талаптар: Директордың оқу-әдістемелік    жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық бiлiм және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиiс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2024 жылғы 26 тамызынан бастап   10 қыркүйекті қоса алғанда.

     Құжаттарды қарау мерзімі 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап 17 қыркүйекті қоса алғанда.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды: 

      1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

      4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

       6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

      7) Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

      Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

      Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.










Абай облысы білім басқармасының 

Семей қаласы білім бөлімінің 

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі  директоры

Ж.З.Малгаждароваға



_________________________________________

  (өтініш берушінің толық  тегі,аты, әкесінің аты )






                                                      ӨТ І Н І Ш



            Мені   «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының  әдістемелік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары  лауазымдық   қызметіне конкурсқа жіберуіңізді   сұраймын.

            Қосымша  төмендегі құжаттарды  тіркеймін:

          _______________________________________________________________

          _______________________________________________________________

          _______________________________________________________________

          _______________________________________________________________

          ________________________________________________________________

          ________________________________________________________________

          ________________________________________________________________

            Мекен –жайы және байланыс телефоны _____________________________

________________________________________________________________

           ________           __________________________      «___»_________2024ж.

             қолы                                        (ТАӘ)






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив