"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ НЕГІЗІ - НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ» тақырыбында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ұжымы облыстық деңгейде іс-тәжірибе таратты.
05
ноябрь
2021

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ НЕГІЗІ - НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ» тақырыбында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ұжымы облыстық деңгейде іс-тәжірибе таратты.

    05.11.21 күні «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ШҚО білім беру ұйымдарындағы күзгі демалыс мектебінің жоспарына сәйкес «БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ НЕГІЗІ  - НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ» тақырыбында «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ұжымы облыстық деңгейде іс-тәжірибе таратты. 

   Семинарда гимназия директоры Ж.З.Малгаждарова гимназия оқушылары мен ұстаздарының жеткен жетістіктері, гимназияның бүгінгі келбеті мен даму жоспарындағы болашақтағы қадамдары туралы айтып өтті.

    «Дарынды дамыту – ұстаз парызы» бөлімінде дарынды және қабілеті жоғары оқушыларды олимпиада, ғылыми жоба, шығармашылық сайыстарға дайындаудың алгоритмі, тиімді жолдары айтылды. 

    «Үздік  педагогтың іс-тәжірибесінен...» атты бөлімде гимназияның математика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2020» республикалық сайысының жеңімпазы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Сагатбекова Ж.К. «Жемісті еңбек – жетістік баспалдағы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.

    «Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесінен үзінді» бөлімінде негізгі пән мұғалімдері төңкерілген сабақ, Lesson Study әдісі, тұлғаның құзыреттіліктерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары туралы тәжірибесімен бөлісті.

    «Жаңашылдық үлгісі - қосымша білім беру» бөлімінде жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту, «Робототехника» үйірмесі, «Ыбырайтану» курсы, профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы зертханалық кабинетінің іс-тәжірибесі таратылды.









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив