"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » «Қашықтан сабақ беру жағдайында ағылшын тілін оқыту» тақырыбында онлайн - семинар
30
март
2021

«Қашықтан сабақ беру жағдайында ағылшын тілін оқыту» тақырыбында онлайн - семинар

   Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2021 жылғы 29 наурызында «Қашықтан сабақ беру жағдайында ағылшын тілін оқыту» тақырыбында онлайн - семинар өткізді.
   Семинардың мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.
   Онлайн - семинарға ағылшын тілі пәні қауымдастығының төрағалары, облыстағы жалпы орта білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.
   Онлайн-семинар барысында: Өскемен қаласы бойынша ББ «№46 орта мектебі» КММ педагог-шебер ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сайлыбаева Айгуль Сагынгановна, «Қашықтан оқыту жағдайында ағылшын тілін меңгерудің бастапқы дағдыларын дамыту»; ШҚО Семей қаласы бойынша ББ «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ педагог-шебер ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кармысова Рыс Окметкановна, «Қашықтан оқытуда медиа білім мүмкіншіліктері арқылы оқушылардың дағдыларын қалыптастыру жолдары»; Өскемен қаласы бойынша ББ «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ педагог-зерттеуші ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мухаметрахимова Раушан Жумагалиевна, «Онлайн-сабақтарға бейнежазбаны қалай жазуға болады» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
   Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға толыққанды жауап берілді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив