"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » Қалалық семинар
08
январь
2021

Қалалық семинар

08 қаңтар  күні Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназияда жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша «Таратуға тұрарлық тәжірибелер» тақырыбында   шеберлік сынып өтті. Шеберлік сыныпқа   қалалық білім бөлімінің әдіскері Құралай Рымкуловна алғысөз алып, үштілділіктің маңызы мен жыл ішіндегі жоспарлармен бөлісті. 

Биология  пәнінің мұғалімі Г.Т. Толеубаева «Биология пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқыту әдістемесі» аясында  жобалық зерттеу жұмысы және алғышарттары туралы жұмысын ортаға салса, Информатика пәнінің мұғалімі

М.Ш. Серикбаева «Информатика ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығы мен тиімділігі» тақырыбында  кедергілер мен кемшіліктерді болдырмау жолдарына тоқталды.

Химия пәнінің мұғалімі А.Д. Башенова  химия пәнін ағылшын тілінде оқытуда оқушылардың пәндік және тілдік дағдыларын қалыптастыруда  эксперименттік тәжірибе жасату - оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және алған  білімін тиімді қолдануға бағытталған жұмысын бейнесабақ арқылы көрсетті.

Физика пәнінің мұғалімі А.Б. Бейсембаева Қашықтан оқыту жағдайында физикадағы виртуалды зертханалық эксперименттік тапсырмалары оқушыларға физикалық процестер мен ережелерді жақсы түсінуге көмектесіп қана қоймай, алған білімдерін практикада қолдануын қашықтықтан көрсетті. Шеберлік  сынып соңында директордың шет тілдері жұмыстары жөніндегі орынбасары Р.Ө Кармысова атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып қорытындылады.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив