"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » «Жаратылыстану - математикалық бағытындағы пәндерін оқыту процесінде CLIL әдістемесін қолдану» практикалық онлайн-семинары
05
февраль
2021

«Жаратылыстану - математикалық бағытындағы пәндерін оқыту процесінде CLIL әдістемесін қолдану» практикалық онлайн-семинары

   2021 жылдың 3 ақпанында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарына сәйкес «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерін оқыту процесінде CLIL әдістемесін қолдану» практикалық онлайн-семинарын өткізді.

   Семинардың мақсаты - қашықтан оқыту жағдайында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, инновациялық тәжірибелермен бөлісу Физика пәнінің мұғалімі А.Б.Бейсембаева «Физика пәні бойынша виртуалды зертханалық эксперименттер» тақырыбында қашықтан оқыту жағдайында физикадағы виртуалды зертханалық эксперименттік тапсырмалары оқушыларға физикалық процестер мен ережелерді жақсы түсінуге көмектесіп қана қоймай, алған білімдерін практикада қолдануын қашықтықтан көрсетті.

   Биология  пәнінің мұғалімі Г.Т.Толеубаева «Биология пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқыту әдістемесі» аясында  жобалық зерттеу жұмысы және алғышарттары туралы жұмысын ортаға сала отырып, штаттық сабақта зертханалық жұмысты ұйымдастырудың бейнесабағын ұсынды.

   Химия пәнінің мұғалімі А.Д.Башенова «Химия» пәнін ағылшын тілінде оқытуда оқушылардың пәндік және тілдік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында оқушылардың пәндік және тілдік дағдыларын  эксперименттік тәжірибе жасату-оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және алған  білімін тиімді қолдануға бағытталған жұмысын ашып көрсетті, пән мен тілді үндестіре отырып оқытудағы зертханалық сабағын онлайн форматында түсірілген бейнесабағын көрсетті.

   Информатика пәнінің мұғалімі М.Ш. Серикбаева «Информатика ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығы мен тиімділігі» тақырыбында  кедергілер мен кемшіліктерді болдырмау жолдарын және информатика сабағында тиімді оқу платформаларды пайдалану оқушылардың тақырыпты еркін түсінуіне ықпалы зор екеніне тоқталды.

   Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерінің мұғалімдері қатысты.

   Семинар соңында қатысушылар шара тақырыбының өзекті және маңызды екенін атап, алған ақпараттар үшін ризашылық білдіріп, болашақта іс-тәжірибелерінде қолданатындары жайлы кері байланыс берді.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив