07
январь
2021
Әдістемелік керуен қатысушысы
2021 жылдың 6 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен БАҰО «Өрлеу» ШҚО бойынша БАИ бірлесіп 2020-2021 оқу жылындағы қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің биология, химия және география пәні мұғалімдері үшін «Биология», «Химия» және «География» пәндері қауымдастықтарының жұмысы шеңберінде «Зертханалық жұмыстар арқылы оқу мен оқытудың тиімділігін арттырудың маңыздылығы» облыстық әдістемелік керуенін өткізді. Әдістемелік керуен барысында қауымдастық мүшелері облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті. Гимназияның жоғары санатты биология пәні мұғалімі Архыматаева Арай Жаксылыковна «Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды қашықтық жағдайында өткізу» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Керуен соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 100-ден астам биология, химия және география пәнінің мұғалімдері қатысты.