«БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және өткізу. Қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі» тақырыбында жас мамандарға арналған коучинг өтті.
03.11.21 күні «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және өткізу. Қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі» тақырыбында жас мамандарға арналған коучинг өтті.
Мақсаты: Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындау жолдарын талдау, құрылған тапсырмаларға саралау жұмыстарын жүргізу.
Коучинг барысы :
1. Ұйымдастыру
2. Психологиялық тренинг
3. Топтарға бөлу
4. Теория бойынша топтар жұмысы
5. Практикалық бөлім
6. Кері байланыс
Коучингтің басында гимназия психологтары Серікқалиева Ш.С., Қызылбалаева Н.М. «Сәлемдесу», «Тәлімгерлер тілегі» тақырыбындағы психологиялық тренингтертер жүргізу арқылы қатысушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Коучинг барысында жас мамандар 3 топқа бөлініп бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, қалыптастырушы бағалау туралы теориялық мағлұматпен бөлісті. Практикалық бөлімде топқа берілген тақырыптарға сәйкес БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Коучингті ұйымдастырушылар: тәлімгер, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Бахтыбаева Ш.Т., Курмашева А.А.









