19
апрель
2023
"Ұстаздықтың сөнбес жарық жұлдызы, ұлт ұстазы - Қанипа Бітібаева" атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында
Шәкәрім университетінің филология факультетінің машықкері Махсұтханова Ажар көңілді үзіліс ұйымдастырды. Үзіліс барысында кубок лактыру арқылы, сұрақтарға жауап беріп, қазақтың ақын-жазушыларының қанатты сөздерін сыйлыққа алды. Келесі "Пазл" ойынын топпен ойнап, шыққан суреттегі шығарма атауы мен авторын айтып, тәтті сыйлықтарға ие болды. 8-9 сынып оқушылары белсене қатысты.



