"Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы
№37 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 52-39-70
Нашар көрушілер
нұсқасы

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Гимназия № 37 имени Ыбырая Алтынсарина"

» » » “Еліміздің егемендігі үшін күрескен тұлғалар” тақырыбында конференция өткізілді.
07
декабрь
2023

“Еліміздің егемендігі үшін күрескен тұлғалар” тақырыбында конференция өткізілді.

Қазақ халқының мақтанышы, еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы тарихи тұлғалардың күрескерлік қасиеттерін, ерліктерін, жас ұрпақтың бойына дарыта отырып, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 7 сынып оқушылары арасында “Еліміздің егемендігі үшін күрескен тұлғалар” тақырыбында конференция өткізілді. Конференция барысында , Би Боранбай Қалқаманұлы, Шыңқожа Батыр, Қабанбай Батыр , Жәнібек Батыр және Қасым Қайсенов сынды тарихи тұлғаларымыз жайлы маңызды дүниелер айтылды. Іс -шарамыздың шымылдығын Ардақ Жұмағалиқызының жетекшілігімен “Балауса” бишілер тобы ашты. Мағыналы презентациямен тың ақпараттар ұсынған конференция қатысушыларына Райхан Мырзахметқызы шәкірті Мейіржан Ерешев әсем әуезді әндерін ұсынды. Конференция қонақтары тарих пәнінің мұғалімдері Мұхамадиева Гүлжан Мұхаметқазықызы мен Амангелді Мейіржан Жанарбекұлы және қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғамысова Шолпан Махмұтқызы оқушылардың білімдеріне тәнті болып, өз лебіздерін білдірді. Шараны қорытындылау барысында барлық қатысқан сынып оқушылары Алғыс хаттармен марапатталды.
Тарих пәнінің мұғалімі: Жарылгасинова Жанаргуль Газизовна
 








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив