11
март
2021
Виртуалды білім беру
Виртуалды білім беру бағытының аясында өткізіліп жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің эстафетасы заманауи озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және үздік авторлық тәжірибені тарату мақсатын көздейді.
Эстафетаға қатысушы Семей қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Азаматова Әсем Мұқанқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы А.Н. Камзинамен бірлесе отырып, оқу бағдарламасының талаптарына сай 4 сыныптың математика пәнінен «Құрама есептер» тақырыбында бейне сабақ әзірлеп, түсірді.
