16
январь
2025
Пікірсайысшылар арасындағы достық сезімін арттыратын “Мафия” ойыны
ДосболLIKE акциясы аясында пікірсайысшылар үшін ұйымдастырылған “Мафия” ойыны ерекше әсер қалдырды. Бұл ойынның тек қызықты ғана емес, сонымен қатар оқушылардың ой өрісін арттыруда, аргументацияны жүйелеуде және логиканы дамытуда үлкен пайдасы бар.
Ойын барысында қатысушылар өз ойларын нақты жеткізіп, қарсыластарының әрекеттерін талдай отырып, логикалық шешім қабылдауды үйренді. Сонымен қатар, командалық рухты қалыптастыруға, бір-бірін тыңдай білуге және ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Әсіресе, пікірсайысшылар үшін бұл ойынның маңыздылығы зор. Себебі “Мафия” ойыны арқылы олар дәлелдемелерді нақты әрі сенімді түрде жеткізуге, оппоненттерінің әрекеттерін болжап, алдын алу стратегиясын жасауға машықтанады. Мұндай дағдылар пікірсайыста табысты болудың негізі.
Оқушылардың ойынына қатысқаннан кейінгі әсері ерекше болды. Олар өз пікірлерін бөлісіп, ойынның танымдық және достық қарым-қатынастарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Әр қатысушы ойын барысында жаңа қырларын ашып, өз-өзіне сенімділігін арттырды.
ссылка 1Ойын барысында қатысушылар өз ойларын нақты жеткізіп, қарсыластарының әрекеттерін талдай отырып, логикалық шешім қабылдауды үйренді. Сонымен қатар, командалық рухты қалыптастыруға, бір-бірін тыңдай білуге және ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік берді.