19
февраль
2025
2025 жылдың 10-21 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында
9-сыныптар арасында “Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары” тақырыбында танымдық сайыс өтті. Бұл білім бәйгесі оқушылардың рухани дүниесін кеңейтіп, ұлы ақынның мұрасын терең түсінуге бағытталды.
Іс-шараны Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ ұйымдастырды. Сайыстың жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, академик Қанипа Бітібаева атындағы атаулы зертхана жетекшісі, педагог-зерттеуші Жәкенова Куралай Құралтайқызы. Сонымен қатар, шараның мазмұнды өтуіне Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ машықкерлері Қожанова Елмира мен Аталық Венера зор үлес қосты.
ссылка 1Іс-шараны Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің “Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы” КММ ұйымдастырды. Сайыстың жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, академик Қанипа Бітібаева атындағы атаулы зертхана жетекшісі, педагог-зерттеуші Жәкенова Куралай Құралтайқызы. Сонымен қатар, шараның мазмұнды өтуіне Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ машықкерлері Қожанова Елмира мен Аталық Венера зор үлес қосты.
