Директор жанындағы кеңес
Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың жеке бас құжаттарының талапқа сәйкестігі
2. 1 - сынып оқушысының мектепке бейімделуі
3. "Мектепке жол" республикалық акциясы
4. Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуы.
5. Күнделік KZ электронды сынып журналдарының жүргізілуін тексеру.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша оқушылардың жеке бас құжаттарының жүргізілуі туралы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары сөйледі.
2-ші мәселе бойынша гимназия директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н.С.Датбаева мен педагог –психолог Н.М.Қызылбалаева тоқталды.
3-ші мәселе бойынша гимназияның әлеуметтік педагогы М.Ж.Сайлауғазина 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік бюджет есебінен 70 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етіліп, бір оқушыға 40600 теңгеден, барлығы 2 842 000 теңге жұмсалғанына тоқталды. Қала сыртындағы «Жас Қанат» жазғы демалыс сауықтыру лагерінде 10 оқушы демалып қайтты . 2023-2024 оқу жылында әлеуметтік (аз қамтылған, көпбалалы, жетім) көмек қажет ететін 60 оқушы бар. Қорытындылай келе
SWOT талдау жасады.
S-жақсы жақтары | W-әлсіз тұстары |
Демеуші ата-аналар – 4 бала Демеуші ұйым – 8 бала 1-4 сынып ата-аналары – 12 бала | 1-4 сынып ата-аналарының акцияға белсене қатыспауы |
O-мүмкіндіктер | T-қауіп |
Барлық оқушыға көмек беруімізге мүмкіндіктер бар | 1-4 сынып ата-аналарының акцияға белсене қатыспауы |
Сонымен бірге мемлекеттік рәміздердердің насихатталуы мен қолдануы жөнінде директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары С.С.Калиева гимназияда рәміздерді насихаттау және құрметтеуге бағытталған шаралар-дың үнемі ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жариялау жұмыстары тұрақты жүргізіліп отыратындығына тоқталды.
5-мәселе электронды сынып журналдарының жүргізілуін тексеру нәтижесі бойынша директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Г.М.Жумаксанова сынып журналдарының тексеру нәтижелері туралы айтты.
Қорытындылай келе төмендегідей қаулы қабылданды.
1. Сынып жетекшілері сыныпты қабылдап алған кезде барлық оқушылардың тізіміне сәйкес бас құжаттарының болуын толық қабылдап алуы жүктелсін.
2. Гимназияға жанадан келген оқушының құжаттары 3 күнің ішінде тексеріліп, сыныптың құжаттарын уақытында салуын гимназияның іс қағазын жүргізуші Д.Т.Ералиеваға жүктелсін.
3. Оқушылардың жеке құжаттарының талапқа сай жүргізілуі директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына жүктелсін
4. 1-сынып оқушыларының бейімделуіне ата-аналары тарапынан қолдау көрсетіліп, сыныптағы оқышылардың ынтасын, оқу мативациясын көтеру, сөздік қорын арттыру, белсенділігін дамыту мақсатында және түзету жұмыстарын одан әрі жандандыру сынып жетекшілері мен педагог-психологтарға тапсырылсын.
5. Оқушылардың бейімделуіне психологиялық сүйемелдеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілсін.
6. Тізімдегі әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру сынып жетекшілер мен әлеуметтік педагогқа тапсырылып, «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» акциясы жалғастырылсын.
7. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысты күшейту бағытындағы жұмыстарды жандандыру директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына жүктелсін.
8. Күнделік.kz электронды журналды жүйелу толтыру және оқушылардың уақыттылы кіруі бойынша жұмыстар пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге тапсырылсын.
