05
октябрь
2024
"Семей қаласының құрметті азаматы"
"Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия" КММ - де қарттар және ұстаздар күні мерекесінің қарсаңында "Мұғалім - киелі мамандық" атты 9-11 сыныптардағы келешекте мұғалім болуға ынталы оқушылар және ардагер ұстаз, "Семей қаласының құрметті азаматы" атағына ие, гимназияны ұзақ жылдар бойы басқарған Стамбеков Жұмағазы Диярұлымен кездесу өтті. Мақсаты: мұғалімдік қызметті таңдап отырған оқушыларға кәсіби бағдарлы қолдау көрсету, мамандық жайлы көзқарастарын қалыптастыру. Кездесу барысында оқушылар Жұмағазы Диярұлына өмірі, еңбек жолы, оқу және тәрбие процесінде жеткен жетістіктері жайлы сұрақтар қойды. Жұмағазы Диярұлы мұғалім мамандығының ерекшеліктері, ұстаздық етудің қыр - сырларымен бөлісіп, балаларға өнегелі әңгімелерін айтты.
Ұйымдастырушылар: педагог - ұйымдастырушы, кәсіби бағдар беру педагогы
ссылка1Ұйымдастырушылар: педагог - ұйымдастырушы, кәсіби бағдар беру педагогы
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей_қаласы
#37гимназияСемей
#қарттаркүні2024
#мұғалімдеркүні37


