22
март
2025
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында орыс тілі және әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері Қайым Мұхамедхановтың “Хаттар сөйлейді” еңбегін талқылады.
Тарих беттерін парақтайтын бұл кітапта ғұлама ғалым Қайым Мұхамедхановқа жолданған хаттар топтастырылған. Хаттардың тақырыбы да, мазмұны да әр алуан: бірі ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертсе, бірі ел-жер тарихынан мағлұмат береді. Ұлы тұлғаның қаламынан шыққан бұл жазба материалдар әркезде тағлымның бастауы болып қала берері сөзсіз. Елін, жерін сүйетін, тарихынан хабардар болғысы келетін әр азаматқа осы кітаппен танысуға кеңес береміз.

